Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

Маносфераның қойнауын зерттеу. Джек Торн

BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — Jack Thorne displays a tattoo featuring a line from the film “E.T. the Extra-Terrestrial.” Thorne, the co-creator of the series “Adolescence,» credits this quote, “Be good,” as the first great piece of advice he ever received. (Ana Cuba/The New York Times) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.


Автор: Джек Торн

Turning Points: Global Agenda 2026
Бетбұрысты сәт: Жасөспірімдерді қорғауды мақсат еткен Аустралия жаңа заң қабылдап, 16 жасқа толмағандарға TikTok пен Instagram сияқты әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салды.

BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — Jack Thorne displays a tattoo featuring a line from the film “E.T. the Extra-Terrestrial.” Thorne, the co-creator of the series “Adolescence,» credits this quote, “Be good,” as the first great piece of advice he ever received. (Ana Cuba/The New York Times) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Жасөспірім жігіттер арасындағы өршіп тұрған ашу-ыза мәселесін түсіну үшін әңгімені онлайн тұтынатын контенттің ықпалынан бастайық.

Стивен Грэммен бірге Netflix-тің Adolescence («Өтпелі кезең») сериалын қолға алғанда, «маносфера» туралы түсінігім өте тар еді. Оны назар аударуға тұрмайтын, өзіме мүлде жат, қызық емес адамдардың әлемі деп ойладым. Бірақ зерттеу барысында оның шынайы ауқымы мен ықпалын жете бағаламағанымды түсіндім.

Жасөспірім ұлдар бірнеше қызды пышақтап өлтірген оқиғалар туралы естіп, Стивен бастапқыда Ұлыбританиядағы сондай қылмыстар туралы сериал түсіргісі келген. Ол мұндай қатыгездіктің себебін тереңірек түсінгісі келді. Біз басты кейіпкерімізді – сыныптас қызын өлтірді деп айыпталған 13 жастағы Джеймиді ойластыра бастағанда, Стивеннің бір талабы болды: бұл ата-ананы ғана кінәлайтын, яғни анасы ішкіш немесе әкесі озбыр болғандықтан бала жауыз болды дейтін, әдеттегі схемаға құрылған драма болмауы керек. Керісінше, біз кінәліні бірнеше ортадан – мектептен, үйден, достарынан іздейтін, Джеймидің миында не болып жатқанына үңіліп, ашуына әсер еткен факторлардың кең ауқымын қарастыратын хикая жасағымыз келді.

BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — Erin Doherty, left, as Briony Ariston, and Owen Cooper, right, as Jamie Miller in Episode 3 of “Adolescence.” In this scene, Ariston, a child psychologist, evaluates Miller, a 13-year-old accused of killing his classmate. (Ben Blackall/Netflix) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Бірақ Джеймидің болмысын зерттеп, құрастырып жатқанда, оның психологиясындағы маңызды бір нәрсені түсіне алмай жүргендей болдым. Сол кезде ассистентім Мариэлла Джонсон маған «мәжбүрлі бойдақ» ерлерден тұратын маносфера ішіндегі «инцел» субмәдениетіне көңіл аударуым керектігін айтты.

«Маносфера» деген сөздің өзі біртүрлі. Интернеттегі құбылыстарды бір атаумен қамтуға тырысатын көп талпыныс сияқты, бұл сөз де шын мәнінде ондай біртұтастық жоқ екенін ескермей айтылады. Оны қалай анықтайтының көбіне өзіңнің оған қалай қарайтыныңа байланысты. Ең дұрысы, оны кең мағынада түсіну: еркектік, ер адамдар рөліне қатысты мәселелерді талқылайтын онлайн қауымдастықтар жиынтығы. Оның ішінде ерлердің құқығын қорғаймыз дейтіндер (олардың ойынша, әйелдер еркектерді қыспаққа алады), «арбау» бойынша «мамандар» (әйелдерді жыныстық қатынасқа көндіруді үйрететіндер) және, бәлкім, инселдер (әйелдер әдейі оларды жыныстық қатынастан тықсырып отыр деп сенетіндер) бар.

«Бәлкім инцелдер» деп отырғаным – инцелдер өздері маносферадағы басқа топтарды жақтырамайды, маносферадағы көптеген топ та инцелдерді ұнатпайды. Шын мәнінде, маносфера атауымен бір топқа біріктірілетін бұл субқауымдастықтардың арасында өзара өшпенділік өте жиі ұшырасады.

BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — A student in a school hallway in Des Moines, Iowa. The Netflix show “Adolescence” has reignited debates about smartphone restrictions for children. (KC McGinnis/The New York Times) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Инцел идеологиясының негізінде жиі айтылатын бір статистиканы – «әйелдердің 80 пайызы ерлердің 20 пайызына ғана көңіл бөледі» дегенді көргенде, маносфера Джейми бейнесін қалыптастыруда маңызды элемент болатынын бірден түсіндім. «Иә, осы идея мен сияқты әсерге тез берілетін, жалғызсырап өскен, ел қатарлы өмір сүре алмайтын шығармын деп қорқатын 13 жастағы балаға қатты әсер етер еді» деп ойладым. Әрине, «Өтпелі кезең» сериалы да, мен де Джейми тек осындай ойларды тұтынғаны үшін ғана қатыгез болып кетті деп санамаймыз. Бірақ мен оның санасына сіңіп, әлемді қабылдауына үлес қосқан зиянды контенттің айтарлықтай ықпалы болғанына сенімдімін.

Сериалды жасау барысында мен инцел контентін ұзақ зерттедім. Қолымнан келгенше осы туралы жазылған кітаптың бәрін оқыдым, жасөспірімдермен тілдестім. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердің аса танымал емес, көлеңкеде қалған бөліктерін де қарадым. Эндрю Тейт пен маносфераның танымал өкілдері мені аса қызықтырмады, өйткені олардың Джеймиге де қызық болмайтынын білдім. Оларды бейнелі түрде сарқыраманың ең жоғарғы жағында тұрғандар деуге болады. Ал солардан төмен құлап аққан судың арасында неше түрлі контент жасаушылар бар, мен дәл осы «сарқыраманың ортасын» іздедім.

Өмірі туралы видеолар түсіріп салатын жасөспірім жігіттер бар: олар ойын, спорт, фильмдер жайлы айтып отырып, бір сәтте әйелдер жөнінде пікір білдіруге ойысып кетеді. Мен Джеймидің интернеттегі «мекені» дәл осындай кеңістіктер болар деп ойладым, жастардың өзі де маған сондайларды көретіндерін айтты. Лентаны ақтарып отырғанда, видеолардың сыртқы «қаптамасы» басқа нәрсе уәде еткенімен, ішінен мүлде басқа дүние шығатынын байқадым. Бұл жігіттер күнделікті өмірі туралы айтады да, сол әңгімелердің арасында әйелдерге деген ренішін ақтара бастайды. Бастапқыда дене шынықтыруға қатысты қарапайым кеңес болып көрінген нәрсе, бірте-бірте жеккөрінішке, сенімсіздік пен өшпенділікке толы мизогиниялық лепірмеге айналып кететін. Бұл мені қатты алаңдата бастады.

Мектептерде сериалға дейін де, кейін де уақыт өткізіп жүрген мен барлық ұл Джейми сияқты онлайн тұтынған дүниелерден зардап шекті деп ойламаймын. Бірақ жапа шекеендері бар. Мен сөйлескен жасөспірім қыздардың кейбірі сыныпта сөйлемейміз дейді, өйткені кейбір ұлдардан қорқады. Сол ұлдардың ауызша да, физикалық түрде де күш көрсетуінен өз қауіпсіздігіне алаңдайтын әйел мұғалімдермен де тілдестім. Өзім де 9 жастағы ұлдың әкесімін, ол сүңгіп кеткен онлайн ортадан қатты қорқамын.

Осы мәселеленің дұрыс шешімі қандай болуы керек деген сұрақ төңірегінде талай дауластық. Стивен айтқандай, ең маңыздысы – ашық әңгіме, сөйлесу. Бізге түскен ең жақсы пікірлер – сериалды көрген соң, достарымыз бен бейтаныс адамдардың балаларымен онлайн не көріп жүргені туралы сөйлесе алғаны. Жеке өз басым, одан да әріге барып, әлеуметтік желілерді жасөспірімдер пайдалана алуы керек пе деген мәселені қайта қарау қажет дер едім.

Неліктен? Мен қатысқан Smartphone Free Childhood («Смартфонсыз балалық шақ») атты кездесуде бізге жан түршігер статистикалар айтылды: Британияда кейінгі 10 жылда жасөспірімдер арасында көшеде болатын жазатайым оқиғалар 70 пайызға азайған, бірақ дәл осы онжылдықта өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 93 пайызға артқан. Қазір британдық балалардың төрттен үші далада түрме тұтқындарынан да аз уақыт өткізеді.

Аустралия, Франция, Бразилия, Оңтүстік Корея сияқты елдер жастардың телефон қолдануын шектеуге қатысты заңдар қабылдап жатыр. Бұл еркіндікті шектеу емес; жасөспірімдердің миы әлі қалыптасу үстінде, ал әлеуметтік желілердің тәуелділік тудыратын қасиеттеріне ол дайын болмауы мүмкін екенін мойындау.

Бірақ біз Adolescence сериалын жауап ұсыну үшін жазған жоқпыз; біз саясаткер де, қоғам қайраткерлері де емеспіз. Бұл сериалды жазған себебіміз: тақырыпқа сендік, ер жетіп келе жатқан ұлдардың бүгінгі проблемаларына басқаша қарауға мүмкіндік беретін сұрақтар тудырғымыз келді. Адамдар мұны талқылай береді деп үміттенемін, өйткені егер біз бұл туралы ашық сөйлеспесек, ер балалар арасындағы ашу-ыза мәселесі тек ушыға түседі.

BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — Jack Thorne. (Antonio Olmos) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-THORNE-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

You may also like

Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

Біз жаһандық сауданың соңын көріп отырмыз ба? The New York Times

Біз сарапшылардан жеткізу тізбектерінің болашағын және олардағы өзгерістердің ұлттық экономикаларға қалай әсер ететінін болжап көруді сұрадық.
Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

Әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Демократия оған ілесе ала ма? Пита Лимжароенрат

Қаңтар айында Дональд Трамп екінші мәрте ант беріп, қызметіне кірісті. Бұл әлемді дүр сілкіндіріп, антидемократиялық көшбасшыларды жігерлендірді.