Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

БҰҰ-ның жаңа тарауын жазып жатырмыз. Анналена Бербок

BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — Annalena Baerbock. (Manuel Elias/UN Photo) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Автор: Анналена Бербок

Turning Points: Global Agenda 2026.

2025 ЖЫЛЫ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ. БІЗ ОСЫ ЖЫЛҒЫ БАС АССАМБЛЕЯ ТӨРАҒАСЫНАН ҰЙЫМНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ МЕН ТОҒЫЗЫНШЫ ОНЖЫЛДЫҒЫНА ҚАДАМ БАСҚАН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗ ОЙЫН БӨЛІСУДІ СҰРАДЫҚ.

BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — The seal of the United Nations. The organization marked the 80th anniversary of its creation in 2025. (Dave Sanders/The New York Times) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Биыл ерекше белес – БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл. Алайда бұл сәт – думандатып тойлайтын емес, осы бірегей ұйымның жолына ой жүгіртетін уақыт. Негізінде БҰҰ-ның тарихы – жай ғана институттың емес, адамдардың тарихы. 1945 жылы Сан-Францискода бас қосқан көреген тұлғалардың, күн сайын соғысты емес, бейбітшілікті таңдайтын, дағдарыс аймақтарында қызмет етіп жүрген мыңдаған БҰҰ қызметкерінің тарихы.

Бәрінен бұрын, бұл – қақтығыстарда жан төзгісіз азап шеккен адамдардың тарихы. Олар Бас Ассамблеяны да, Қауіпсіздік Кеңесін де естімеген болуы мүмкін, бірақ бәрібір БҰҰ-ның көгілдір туынан үміт күтеді. Мен Оңтүстік Суданның Джуба қаласы маңындағы БҰҰ босқындар лагерінде кездестіргендер де – дәл сондай жандар.

Босқындар жөніндегі БҰҰ агенттігі басқаратын бұл лагерь 2 000 адамға арналған, бірақ онда 20 000-нан астам адам тұрып жатыр, көпшілігі – әйелдер мен балалар. Олар бәрін тастап, шөлді кесіп қашып шыққан. Денелерінде зорлықтың ізі, ал жүректерінде одан да терең жара жатыр. Бір ана маған қызын әскерилердің бірнеше рет зорлағанын көргенше, өлгені артық екенін айтты. Соған қарамастан, ол әлі де үмітін үзбейді: бір күні лагерьде психологикалық көмек көрсетіліп, қызы қайтадан мектепке бара алады деп сенеді.

BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — Beds for evacuee children inside an empty school gymnasium in the city of Sloviansk, Ukraine. The U.N. has been active in supporting children displaced by the war in Ukraine. (Carlos Barria/Reuters) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Украинаға жасаған сапарларымда да үміт үзбеу туралы үндеуді естідім. Мен танысқан жасөспірімдерді ресейлік сарбаздар үйлерінен, мектептерінен алып кеткен. Олардың ең маңызды тілегі кек алу емес, Ресей агрессиясына бой бермеу болды. «Үйлеріне оралуы керек балалар әлі көп, – деді олар, – әлем олардан бас тартпауы керек».

Міне, 80 жыл бұрын БҰҰ дәл осындай адамдар үшін құрылды. Қазір де БҰҰ дәл осы адамдар үшін жұмысын жалғастыруы қажет. Ал біз шешімін таба алмаған қақтығыстарды желеу етіп, ұйымды ескірген, пайдасыз не ақшаны рәсуа ететін құрылым деп көрсетуге тырысатын қаскөйлерге ермеуіміз керек.

Бірақ істеген ісіміз бірден нәтижесін бермеді екен деп, дұрыс жолдан тайсақ — зұлымдық жеңеді. Судандағы аналар мен Украинадағы жеткіншектер өмірінің ең қараңғы кезеңін бастан өткеріп жатқанына қарамай, алға жылжи алса, біз де соны жасай аламыз.

BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — António Guterres, the secretary general of the United Nations, speaking during the 80th session of the United Nations General Assembly. The annual meeting is an opportunity for world leaders to address the entire body. (Dave Sanders/The New York Times) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

Сондықтан қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы жалпы пікірталасының ашылуында мен осы ұйымның тарихына лайық болуға шақырдым. Бұл – нағыз көшбасшылық туралы тарих. Ол жеңіл жеңістерден емес, құлап, қайта тұрудан әрі әркез алға  ұмтылудан тұрады. Бұл – 1945 жылы Сан-Францискода кездескен әлем лидерлерінің батылдығы мен табандылығының тарихы. Кейбіреулер оларды аңқау санағанымен, олар екі дүниежүзілік соғыстың қанды қырғынынан соң да жаңа, жақсы болашақ құруға болатынына сенді.

Рас, әлем қазір ауыр халде. Украина мен Суданда соғыс жүріп жатыр. Газа әлі қираған күйде. Ауған әйелдері мен қыздарын Талибан ең қарапайым адам құқығынан айырып отыр. Климат өзгерісінен теңіз деңгейі көтеріліп жатыр. Теңсіздік, шектен тыс кедейлік пен аштық және бар. Мұның бәрі БҰҰ-ға саяси және қаржылық қысым күшейіп тұрған уақытта болып жатыр. Ұйым бетбұрыс сәтінде тұр және терең құрылымдық реформаны қажет етеді. Бірақ бір сәтке БҰҰ мүлде болмаған жағдайда әлемдегі ауыртпалықтың қаншалықты арта түсетінін елестетіп көріңіз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылығы – бірде-бір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайтын мәселелер бойынша күш біріктіре алуында. Мысалы, ядролық қару төндіретін қауіп. Егер Ядролық қаруды таратпау туралы шарт болмағанда, әр мемлекет өз бетінше ядролық қару жасап, орналастыра алар еді. Сол сияқты Covid-19 пандемиясы кезінде бірде-бір мемлекет бұл ортақ қауіпке жалғыз қарсы тұра алмады. Вирус шекара дегенді білмеді. Біз оны тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көмегімен жаһандық деңгейде еңсере алдық. Климат дағдарысы да дәл солай: шенеуніктер оны мойындамай қойса да, бәрібір – көмірқышқыл газының кез келген жерде бөлінуі бүкіл жердегі адамдарға әсер етеді Тіпті ең бай қалалардың өзі орман өрттері мен тасқындардан қорғана алмайды. Ал жасанды интеллект бақылаусыз қалса, шынайы мен жалған арасы бұлдырап, ата-аналар балаларын интернетте қалай қорғай алар еді? Жыл сайын 5 миллиард әуе жолаушысына қауіпсіздік стандарттарын белгілейтін БҰҰ-ның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы болмаса, ұшаққа мінгенде өзіңізді қаншалықты қауіпсіз сезінер едіңіз?

Жаһанданып, цифрланған бүгінгі әлемде біз не бірге әрекет етеміз, не әрқайсымыз жеке-жеке зардап шегеміз. Сондықтан осы сессияға мен «Бірге болғанымыз жақсырақ: бейбітшілік, даму және адам құқықтары үшін 80 жыл және одан әрі» деген тақырып таңдадым.

Алдағы 80 жылда бейбітшілік, даму және адам құқықтарын ілгерілету жөніндегі БҰҰ миссиясын орындау оңай бола ма? Әрине, жоқ. Бірақ БҰҰ оңай міндеттер үшін құрылған жоқ. Ол ең ауыр кезеңде ең күрделі мәселелерді шешу үшін пайда болды.

Ортақ тарихымыздың келесі тарауын жазу – БҰҰ Жарғысы, халықаралық гуманитарлық құқық немесе адам құқықтары бұзылғанда үн қатуға және агрессорларды жауапқа тартуға батыл болу деген сөз. Сондай-ақ бұл – БҰҰ-ны күшейту, оны икемдірек, тиімдірек ету, болашаққа бейімдеп жаңғырту. Яғни агенттіктеріміздегі қайталанатын жұмыстарды азайтып, тиімділікті арттыру; бос рәсімдерге емес, іс жүзіндегі нәтижеге көбірек көңіл бөлу дегенді білдіреді.

Табысты болу ымыраны, жанашырлық пен көпшіліктің мұқтажын ескеретін ортақ шешім қабылдауды талап етеді. Бірақ ең бастысы, әрқайсымыздың жеке жауапкершілікпен атсалысуымызды қажет етеді. Сан-Францискодағы БҰҰ-ның негізін қалаушылар 80 жыл бұрын қандай берік ұстаным көрсетсе, бүгін Украинадағы жасөспірімдер, Судандағы аналар мен назардан тыс қалған дағдарыстарда қамалып қалған миллиондаған адам сондай табандылық танытып отыр. Біз ең қараңғы кезеңде де дұрыс іс жасау міндеттемесін өз мойнымызға алуымыз керек.

BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — Annalena Baerbock. (Manuel Elias/UN Photo) — ONLY FOR USE WITH ARTICLE SLUGGED — BC-TP-BAERBOCK-2026-ART-NYTSF — OTHER USE PROHIBITED.

New York Times Licensing арқылы таратылды.

You may also like

Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

Біз жаһандық сауданың соңын көріп отырмыз ба? The New York Times

Біз сарапшылардан жеткізу тізбектерінің болашағын және олардағы өзгерістердің ұлттық экономикаларға қалай әсер ететінін болжап көруді сұрадық.
Turning Points: жаһандық күн тәртібі 2026

Әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Демократия оған ілесе ала ма? Пита Лимжароенрат

Қаңтар айында Дональд Трамп екінші мәрте ант беріп, қызметіне кірісті. Бұл әлемді дүр сілкіндіріп, антидемократиялық көшбасшыларды жігерлендірді.