Ұлы Дала Үні

Турбуленттіліктің күшеюі: шығынсыз шығу. Олжас Құдайбергенов

Автор: Олжас Құдайбергенов, экономист

Соңғы үш жылда әлемдік экономикада көп нәрсе өзгерді. 2008 жылғы дағдарыстан кейін пайда болған трендтерге жаңалары қосылды. Ең басты тренд – әлемдік экономиканың жаһансыздануы. Бұл процесс әлемді кем дегенде екі аймаққа бөлуі мүмкін, бәлкім болашақта өзара ішкі тарифтері төмен, ал сыртқы серіктестер үшін барынша ең жоғарыны қарастыратын 3–5 сауда аймағының құрылуы да ғажап емес. Орта мерзімді перспективада бұл бірнеше жаһандық төлем жүйелерінің пайда болуына, орталық банктердің валюта резервтері құрылымының өзгеруіне және алтын бағасының өсуіне әкеледі.

Екінші тренд – протекционизмге қарай бағдардың нығаюы. Ендігіде әрбір мемлекет тұтыну және өнеркәсіптік тауарлардың маңызды бөлігін мүмкіндігінше өз елінде өндіруге тырысады.

Үшінші тренд – бұл технологиялық суверенитет, ол сауда аймақтарының қалыптасуымен тікелей байланысты. Ондай әр аймақта технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін жетекші ел болады.

Сондай-ақ, ең негізгісі тұрмыстық қажеттілік немесе қызмет көрсету саласына арналған роботтардың жаппай өндірісі басталады. Жүргізушісіз таксилерді, жүк көліктерін, пойыздар, ұшақтарды жаппай енгізу құбылысы белең ала бастағанда,  компаниялар күзетшінің, кассирдің, кеншілердің және тағы сол секілділердің орнына роботтарды кеңінен жалдай бастағанда әрбір мемлекет іс жүзінде үлкен әлеуметтік қатерлерге тап болады. Ал ең бір революциялық өзгеріс – ер немесе әйел пішініндегі андроидтар өндірісі, бұл кездері роботтарды қолдану аясы күрт кеңейеді –роботтар университет оқытушыларынан бастап, балабақша тәрбиешілеріне дейін жаулайды.

Біртіндеп күшейіп келе жатқан трендтің тағы бірі – бала тууды ынталандыру. Әрбір мемлекет мотивация үшін отбасыларға қаржылай және салықтық жеңілдіктер ұсынуға тырысады,  алайда мұндай тәсілдер әзірге өзінің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттер бүгінгі қоғамның құндылықтық немесе мәдени ерекшеліктеріне байланысты қазіргі күні қабылдана қоюы екіталай жаңа әдістерді  сынап көруге тырысады.

2026 жылға ғана тән болуы мүмкін айрықша оқиғалар да бар – бұл Украинадағы соғыстың аяқталуы мен бұған дейінгі санкциялар саясатын күрт өзгертетін АҚШ пен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою. Әлбетте, ондай қадам оңынан туып жатса Қазақстан үшін сөзсіз жағымды жағдай болмақ.

Сонымен қатар жоғары технологиялы компаниялардың акциялар нарығындағы көпіршіктің жарылуы салдарынан 2026 жыл «жаңа жаһандық дағдарыс жылына» айналуы әбден мүмкін. Америкалық AI-компаниялар акцияларына салынған триллиондаған инвестициялар Қытайдың AI-компанияларының баға саясатының салдарынан өзін ақтамауы ықтимал. Өйткені, қазірдің өзінде қытайлық компаниялар  сапа жағынан америкалық бәсекелестерін қуып жеткенімен қоймай, өз қызметтерін тегін немесе өте арзан бағамен ұсынып отыр.

Дағдарыс мұнай бағасының құбылмалы кезеңімен қатар жүруі мүмкін – мұнай экспортының көзі болып отырған Венесуэладағы немесе басқа мұнай экспорттаушы елдердегі соғыс кесірінен әлемдік баға уақытша көтеріліп кетуі де ықтимал. Немесе керісінше, Ресей, Сауд Арабиясы, Ливия, Венесуэла (соғыс аяқталған соң) тарапынан шикізат ұсынысының артуы мұнай бағасын рекордтық төмен деңгейге түсіруі ықтимал, әсіресе дағдарыс аясында. Осының бәрі әлбетте, Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай қатерлер туғызады.

Қазақстан да басқа елдер секілді осы өзгерістердің қысымынан сырт қала алмайды. Әрине, қайсыбір өзгерістер пайда беруі, кейбірі шығынның орнын толтыруды жартылай жанауы да мүмкін, бірақ Қазақстан нақты іске асыруы тиіс бірнеше қадам бар. Біріншіден, азық-түліктен бастап дәрі-дәрмектерге дейінгі халыққа қажетті бірінші кезектегі тұтыну тауарларын қолдан келгенінше ішкі нарықта өндіру. Екіншіден, робот өндірісі тізбегінің бір бөлшегіне айналып, бірте бірте толыққанды отандық өндірісті жолға қою. Үшіншіден, елде өндірілетін алтынды толық сатып алу және сирек металдардың геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу. Сонымен қатар, андроидтар жаппай қолданыла бастаған жағдайда Қазақстан үшін халықты қандай жұмыстармен қамтамасыз ету мәселесін алдын ала ойлана беруге тура келеді. Мүмкін кейбір елдер белгілі салаларда немесе белгілі бір жұмыс түрлеріне андроидтарды қолдануға тыйым салатын шығар, бірақ бұл тұтастай алғанда уақытша әрекет болып, толыққанды шешім ретінде қабылданбайды.

Жалпы, алдағы жылдары турбуленттіліктің тек күшейе беретіні болжанады. Десе де, оның критикалық шектерден аспайтынына үміттенейік.

Турбуленттіліктің күшеюі: шығынсыз шығу

Олжас Құдайбергенов, экономист

You may also like

Ұлы Дала Үні

СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР ТОҒЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРДІ АСЫРАУШЫҒА АЙНАЛА АЛА МА?

Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі бұрындары тек өндіріс көлеміне байланысты болса, бүгінде ол климат, технология және геосаясат арасындағы күрделі теңгерімге тәуелді мәселеге
Ұлы Дала Үні

Жауапты бизнес пен инвестиция – Орталық Азияның болашаққа көзқарасы. Балтабек Мұқашев

Балтабек Мұқашев, кәсіпкер Орталық Азия тарихи таңдаудың табалдырығында тұр. Соңғы отыз жыл бойы біз кез-келген инвестицияны тартумен, әйтеуір капитал құйса